Орталық балалар кітапханасының қабырғасында «Мен әскерге барамын!» атты сайыс болып өтті.
Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сананы, салауатты өмір салтын, жоғары патриоттық сезімді және Отанына деген адалдықты қалыптастыруға бағытталған іс-шараға қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Сайыс «Жеңіс өз қолымызда» деген ортақ ұранмен өтті. Іс-шара барысында жас қорғаушылар өздерінің дене қабілеттерінің даярлығын, сондай-ақ интеллектуалдық қабілеттерін көрсете отырып, өзара бақ сынасты.
Балалар «Тергеу жүргізейік!», «Кім жылдам?», «Ең мықты, ең күшті» және т.б. түрлі сайыстарға қатысып, өнерлерін ортаға салды.
Әрбір топ бір-бірінен өткен қайсар, мықты, күшті, шымыр екендіктерін дәлелдеді. Сайыс өте қызықты, әрі тартымды өтті. Іс – шара соңында қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Аталмыш іс-шараға арнайы жасақталған «Отан қорғау-қасиетті борыш» атты кітап көрмеге шолу жасалды.