Бала бақытты – жарқын болашақ!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Шахтер» қалалық саябағында «Бала бақытты – жарқын болашақ» РR-акциясы өтті. Осыған орай ОҚК және ОҚК балалар бөлімінің қызметкерлері кітап көрмесін дайындады. Түрлі-түсті кітап көрмесі көпшілік қауымның назарын аударды. Иллюстрацияланған ертегілер, тартымды әңгімелер, техника мен табиғат туралы әдебиеттер, балалар детективтері және т.б. оқырман жанын бей-жай қалдырмады. Ата-аналар мен балаларға кітапхана қызметкерлері ОҚК және ОБК мекенжайы көрсетілген визиткаларды табыс етті.

Updated: Маусым 1, 2021 — 5:07 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған