“Жүректер өнерге берілді”


Орталық балалар кітапханасының ұжымы Өнер күніне орай 24 мектеп-гимназиясының оқушыларына арнап «Жүрегі өнерге берілген…» атты өнер сағатын өткізді. Аталмыш шара бар өмірін ұлы өнерге арнаған өнерпаздар Ақан Сері, Болат Аюханов және Айман Мұсаходжаеваға арналды. Кітапханашы оқушыларды өнерпаздардың өмірбаянымен қысқаша таныстырып өтті. Сондай-ақ, балалардың ой-өрісін кеңейту мақсатында Ақан Серінің «Құлагері», «Балқадиша», Болат Аюхановтың балет өнеріндегі мансабы, оның «Кармен Сюита» қойылымы, сондай-ақ Айман Мұсаходжаеваның скрипкада ойнаған бейнероликтері ұсынылды.
Балалар атақты адамдардың шығармашылығын сүйсіне талқылап, бейнероликтерді тамашалады. Сондай-ақ «Жарқыраған шоқжұлдыздар» атты кітап көрмеге шолу жасалды.

Updated: Ақпан 9, 2023 — 4:47 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған