«Қызыл телпек»


Орталық балалар кітапханасында «Дауыстап кітап» клубының аясында №9 балабақша бүлдіршіндері үшін дауыстап оқу өткізілді.Балаларға Шарль Перроның «Қызыл телпек» ертегісі оқылды. Балалар қызығушылықпен тыңдады, «Қызыл телпек қоржынында не болды?», «Қызыл телпек әжесіне барар жолда кіммен кездесті?», «Қасқыр не істеу керек еді?» «Әженің үйіне кіре ме?», «Қызыл телпек әженің жаңа бейнесінде не таң қалдырды?» деген сұрақтарға жауап берді.

Updated: Ақпан 9, 2023 — 12:35 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған