«Балалық шақ шоқжұлдызы»

Орталық балалар кітапханасының қабырғасында Балалар жылына және балалар кітабы апталығының ашылуына арналған «Балалық шақ шоқжұлдызы» атты мерекелік бағдарлама болып өтті. ОҚК кітапханаларды дамыту және әдістемелік бөлім меңгерушісі Р.Сейсекенова сөз алып, балаларды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, оқуда сәттілік тілеп ізгі тілегін білдіріп, сондай-ақ балаларды кітапқұмар болуға шақырды.
Аталмыш мерекелік шарада балаларды ертегі кейіпкерлері Дымбілмес, Карлсон, Ниндзя тасбақасы, Қасқыр, Түлкі және Қызыл телпек қарсы алды. Балалар ертегі кейіпкерлерімен «Перекати поле», «Меткий ниндзя», « Вот так!», «Наряди друга в конфетный наряд», «Донеси воду» и конкурсы « Угадай , что перепутано в рисунках», «Сладкая викторина» сынды түрлі қызықты ойындар ойнады. Барлық қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған ертегі кейіпкерлері балалардың көңілін көтерді. Іс-шара барысында балалар түрлі сайыстарға белсене қатысты, жұмбақтар шешті, күрделі викторина сұрақтарына жауап берді, би биледі, ертегі кейіпкерлерімен суретке түсті.
Мереке соңында кітапханашылар балаларға алғыстарын білдіріп, кітапхана келіп тұруларын қаперлеріне салды. Аталмыш іс-шара балаларға оразан зор жақсы көңіл-күй, қуаныш пен мейірімділік сыйлады.
Аталмыш іс-шараға қалалық бұқаралық ақпарат құралдарынң өкілдері қатысты.

Updated: Наурыз 17, 2022 — 5:25 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған