Орталық балалар кітапханасында «Медициналық бетпердеден жасалған ғажайыптар» атты хендмейд болып өтті. Балалардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту, сондай-ақ оларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №21 мектептің оқушылары қатысты. Медициналық бетперде, қайшы, желім – осы үш-ақ нәрседен балалар гүлдердің неше түрлісін жасап, шеберлікпен айналысты. Балалар бетпердеден әртүрлі заттар жасауға болатынына таң қалды. Балаларға шара өте қатты ұнады. Оқушылар үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.