«Тик-Так: всё о часах»


Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы білім беру басқармасының «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің тәрбиеленушілеріне арналған «Тик-Так: всё о часах» атты библиокешинг шарасын өткізді.
Шара басында кітапханашы сағатты қалай ойлап тапқаны, қазіргі механикалық сағаттарға дейін қандай сағаттар болғаны туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, әдеттегі сағаттардан уақытты қалай дұрыс білуге болатындығы туралы бейнероликтер көрсетілді. Одан әрі балалар “Әуенді тап” әндер ойынына қуана қатысып, тақырыпқа сай жасырылған жұмбақтардын шешуін тапты. Шара соңы балалардың викториналық түрлі сұрақтарға ынта – жігермен және қызығушылықпен жауап берумен аяқталды.

Updated: Қаңтар 9, 2023 — 9:59 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған