«Ащы уақыт шежіресі»

Орталық балалар кітапханасында қазақ ақыны, ойшыл С.Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Ащы уақыт шежіресі» атты өлкетану сабағы болып өтті. Аталмыш шараға ИнЕУ Жоғары Екібастұз колледжінің 1-курс студенттері қатысты. Іс-шара С.Торайғыровтың мазмұны терең өлең жолдарымен басталып, ақынның шығармашылығы жайлы мәліметтер ұсынылды. Іс-шара барысында ақынның туған жері, қиындыққа толы өмір жолы, жастайынан оқуға құштар, бірақ, ауруы меңдеп, қазақ халқының жұлдыздай жарқ етіп аққан жұлдызы туралы бейнежазбалар мен слайдтар көрсетілді.
Кітапханашы К.Есекеева Ертіс өңірінің ақыны О.Григорьеваның «Звезда Султанмахмута» атты арнауын оқып берді.
Студенттер шара соңында Павлодар өңіріндегі С.Торайғыров есімі берілген нысандар туралы айтып, С.Торайғыров атындағы ауылда болғандарын жарыса айтты.
Шара соңында оқырмандар назарына ақынның мерейтойына орай әзірленген «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» кітап көрмесі ұсынылды.

Updated: Қаңтар 17, 2023 — 5:14 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған