Балалар оқу орталығының қызметкерлері «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің тәрбиешілеріне арнап «Твори, выдумывай, дерзай» тақырыбында маман күні шарасын өткізді.
Кітапханшы шараны ұстаздар туралы өлеңін оқумен ашты. Тәрбиешілердің назарына «Сұлулықты өз қолымызбен жасаймыз» атты кітап көрмесі ұсынылды. Балаларға арналған кітаптар, психология, қолөнер туралы кітаптар, журналдар, оқу-әдістемелік нұсқаулықтарға шолу жасалды. Библиограф қатысушыларға балаларды кітап оқуға баулудың әдістері мен формалары туралы құнды мәліметтермен бөлісіп, өзара қарым-қатынастарының одан әрі нығая беруіне тілекші екенін білдірді. Іс-шара соңында тәрбиешілер сауалнама мен тіркеу картасын толтырды.