Балалар оқу орталығының қызметкерлері «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты қызықты ойындар шарасын өткізді. Бұл шараға №7 және №26 гимназия-мектебінің жазғы лагерь балалары қатысты.
Шара барысында кітапханашы мақал-мәтел туралы түсіндіріп, олардың айырмашылығын айтып өтті. Одан әрі балалар ойынға кірісті. Ойын 5 бөлімнен тұрды:
1. «Кім көп біледі?»
2. «Жалғасын тап»
3. «Кім тапқыр?»
4. «Мақал-мәтелді суреттен табу»
5.«Даналық ойдан дән ізде».
Балалар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсене қатысты. Шара соңында балалар караокемен ән шырқап, мультфильмдерді тамашалады.