«Мир животных и птиц сходит со страниц»

Балалар оқу орталығының қызметкерлері Екібастұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Мир животных и птиц сходит со страниц» атты шарасын өткізді.
Шара барысында қатысушыларға балалар жазушысы В.Бианкидің, Г.Скребицкийдің, Е.Чарушиннің өмірбаяны мен олардың «Синичкин календарь», «Лесной голосок», «Волчишко» т.б. шығармалары жайлы мағлұмат беріп өтті. Кітапханашының әңгімесі «Писатели-натуралисты», «Птицы и животные-герои книг» атты бейнебаяндармен сүйемелденді. Одан әрі шара «Прилетели птицы», «Четвертый лишний» т.б. түрлі тапсырмалардан тұратын ойынмен жалғасын тапты. Қатысушылар тақырып бойынша жұмбақтар шешіп, сүйікті ертегілері бойынша сұрақ-жауап ойынына, сондай-ақ «Угадайте сказки о птицах и зверях по иллюстрациям» викторинасына белсене қатысты. Шара тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмені тамашалаумен өз мәресіне жетті.

Updated: Шілде 19, 2024 — 1:31 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған