«Қазақстанның қалаларына саяхат»

Орталық балалар кітапханасында Республика күніне орай «Қазақстанның қалаларына саяхат» атты іс-шарасы болып өтті. Оқушылар назарына республикамыздың солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс және орталық бес аймағы көрсетілген презентация ұсынылды. Шара барысында балалар Қазақстан картасын пайдалана отырып, түрлі тапсырмалар орындады. Балалар картадан көмір, тұз, мұнай, алтын, мыс кен орындарын белгіледі. Екінші тапсырмада балалар «Республика» және «Қазақстан» сөздерінен жылдам түрлі сөздер құрастырды. Бұл шараға арнайы «Қазақстаным – мақтанышым!» атты кітап көрме ұйымдастырылды.

Updated: Қазан 20, 2023 — 3:12 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған