«Кітапхананың шытырман жолымен саяхат»


Орталық балалар кітапхасында №25 қазақ қыздар гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Кітапхананың шытырман жолымен саяхат» атты кітапханалық сабақ болып өтті. Балалар кітап әлеміне қызықты саяхат жасап, кітапхананың абонемент, оқу залы бөлімдерінің кітап қоры мен кітапхана ережесі жайлы, кітаптарды дұрыс қолдану керек ережелері туралы мағлұмат алды. Іс-шара барысында балалар кітапханаға қалай жазылу керектігін, «абонемент», «оқу залы» деген не екенін және олардың қандай айырмашылығы бар екенін, кітапты қалай дұрыс таңдау керектігі жөнінде біліп қайтты. Іс-шараның соңында балаларға «кітапхана» сөзінен сөздер құрастыру атты тапсырма берілді. Іс-шара жас кітапхана оқырмандарына үлкен әсер қалдырды.

Updated: Қараша 2, 2023 — 5:15 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған