«Кітап бетіндегі әлем әдебиетінің қанатты сөздері мен сөз тіркестері»


Орталық балалар кітапзанасфында ақпан айы бойы «Кітап бетіндегі әлем әдебиетінің қанатты сөздері мен сөз тіркестері» атты кітапханаішілік акция өтті. Акцияға барлығы 22 адам қатысты. Көпшілік назарына акцияда қолданыс тапқан қанатты сөздер алынған туындылардың кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ қатысушылар өздері таңдап алған билеттегі фразаны оқып, бұл фразаның қай шығармадан алынғаны және сол шығарманың оның авторын тауып айту керек болды. Арнайы безендірілген ойға салу көрмесінде кітаптар, сондай-ақ қанатты сөздер сөздіктері қойылды. Дұрыс жауабын тапқан қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды. Аталмыш акция барлық жастағы оқырмандарға арналды. Бұл жерде аға буын өкілдері үздік нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, А.С. Пушкин, И.А. Крылов, Р. Киплинг, П.Траверс, Антуан де Сент-Экзюпери, А. Грибоедов, М. Твен, А.Волков, А. Линдгрен және басқалардың шығармаларын еске түсірді.

Updated: Ақпан 22, 2022 — 10:43 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған