«Ынтымағы жарасқан – бала мен ата-ана»


«Жанұя кафесі» клубы аясында орталық балалар кітапханасында 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай «Ынтымағы жарасқан – бала мен ата-ана» байқау болып өтті. Байқауға Бейсенбаевтар, Әбеновтар, Ахметжановтар және Данибаевтар отбасы қатысты.
Байқау алты кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Блиц турнирі», «Кім жылдам?», «Мақал – мәтелдер», «Балалық шаққа саяхат», сондай-ақ «Ізгі тілектер алақаны». Барлық қатысушылар «Ізгі тілектер алақанына» бір-біріне деген ізгі тілектерін, жылы лебіздерін білдіріп, кітапхана қызметкерлеріне де алғыс сөздерін жазып қалдырды.
Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы дастархан жайылды.
«Отбасымызбен бірге оқимыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, аталмыш көрмеге шолу жасалды.

Updated: Мамыр 23, 2022 — 10:34 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған