«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасында Самуил Яковлевич Маршактың 125 жылдығына орай дауыстап оқу шарасы №20 балабақша бүлдіршіндері арасында болып өтті. Дауыстап оқуға арнайы жазушының «Джек салған үй», «Ақымақ тышқан» сынды ертегілері таңдалып алынды.
Балалар ертегілерді сондай бір қызығушылықпен тыңдап, ертегілердің күлкілі жерлерінде сықылықтап бір күліп те алды. Одан әрі бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерінің суреттері бар бояу кітапшаларын қуана-қуана бояуға кірісті.
Сондай-ақ балаларға «Кітап – біздің досымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалар көп кітапты көріп, олардың беттерін қызықтады. Көбісі кітапханаға баруға, сондай-ақ кітап алуға ниет білдірді.