«Журнальная карусель»

Балалар оқу орталығының қызметкерлері №10 ЖОМ жанындағы «Солнышко» лагерінің балаларына арнап «Журнальная карусель» тақырыбында ақпарат күнін өткізді. Шара барысында балаларға мерзімді басылымдар, сондай-ақ «журнал» сөзінің мағынасы туралы айтып өтті. Одан әрі кітапханаға тиесілі балаларға арналған «Балдырған», «Балалар әлемі», «Жыл он екі ай», «3/9 царство», «Чем занять непоседу», «Почемучкам обо всем на свете» мерзімді басылымдармен таныстырып, әрқайсысына жеке тоқталып, қандай танымдық және ойын-сауықтық ақпаратқа толы екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар журналдардан балаларға түрлі жұмбақтар, жаңылтпаштар, ребустар, сауалнамалар ұсынылды. Шара соңында кітапханашы балалар назарына «Балаларға арналған журналдар әлемі» кітап көрмесі ұсынып, көрмеге шолу жүргізді.

Updated: Шілде 24, 2024 — 12:33 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған