«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №10 ЖОМ-нің 1-сынып оқушыларының қатысуымен «33 мысал» оқу кітабы бойынша дауыстап оқу шарасын өткізді. «33 мысал» топтаманың негізгі мақсаты – бүлдіршіндердің кітап әле¬міне, кітапты оқуға деген құштарлық сезімін ояту. Бала тілін оқуға жаттықтыру үшін берілген шағын шығармалар¬дың тілі жеңіл. Тәрбиелік мәні зор бұл жинақтар балаларды адамгер¬шілікке, елін, […]
«Қажырлы қаламгер – Қалқаман Исабаев»
Балалар оқу орталығында тарихи тұлға, белгілі жазушы Қ.Исабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қажырлы қаламгер – Қалқаман Исабаев» атты өлкетану сағаты болып өтті. Бұл шараға облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей оқушылары қатысты. Кітапханашы Қалмұқан Исабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстырып, ұлттық рух пен тарихи сана қалыптастыру мақсатында жазушының ерлігі мен, елі, өзі […]
«Твори, выдумывай, дерзай»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің тәрбиешілеріне арнап «Твори, выдумывай, дерзай» тақырыбында маман күні шарасын өткізді. Кітапханшы шараны ұстаздар туралы өлеңін оқумен ашты. Тәрбиешілердің назарына «Сұлулықты өз қолымызбен жасаймыз» атты кітап көрмесі ұсынылды. Балаларға арналған кітаптар, психология, қолөнер туралы кітаптар, журналдар, оқу-әдістемелік нұсқаулықтарға шолу жасалды. Библиограф қатысушыларға балаларды […]
«Подготовка к школе»
«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкері Т.Е. Ракишева №9 балабақшаның «А», «Б» мектепалды топтарының мектеп жасына дейінгі балаларына арнап «Подготовка к школе» атты дауыстап оқу шарасын өткізді. Кітапханашы бүлдіршіндерге «Я готовлюсь к школе» атты кітабын дауыстап оқыды. Дауыстап оқу шарасы иллюстрациялық кітаптармен сүйемелденді. Одан әрі бүлдіршіндер дауыстап оқыған кітап бойынша сұрақтарға жауап берді. […]
«Шатақ қыздың шатпақ күнделігі»
«Білімпаз» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілерінің қатысуымен түрік балалар жазушысы Нұр Домбайджидің «Шатақ қыздың шатпақ күнделігі» атты кітабы бойынша әдеби сапар шарасын өткізді. Шара барысында кітапханашы түрік жазушысы Нұр Домбайджидің өмірбаянына тоқталып, балаларды кітапхана қорына тиесілі тақырыпқа сай жасақталған жазушының кітаптарымен таныстырды. Шараға арнайы […]
«Тарихқа тұнған даламыз»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында балалар оқу орталығының қызметкерлері №22 және №26 гимназия-мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Тарихқа тұнған даламыз» атты тарихи сағатын өткізді. Шара барысында бабалардың сан ғасыр арманы болған егемендікке жету тарихы, елдің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен болашағы жайлы танымды мол ақпарат беріп, еліміздің тарихы бойынша «Жылдар сөйлейді» викторинасы өткізілді. Одан әрі кітапханашы еліміздің тарихын […]
«Ертегілер елінде»
«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №16 балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Қазақ халық ертегілері» тақырыбында дауыстап оқу шарасын өткізді. Кітапханада «Ертегілер елінде» атты түрлі-түсті кітап көрме ұйымдастырылды. Кітап көрмеге түрлі серияларда шыққан қазақ ертегілері ұсынылды. Шара барысында «Екі қаз бен бір бақа», «Жолбарыс пен қоян», «Құмырсқаның қанағаты», «Бақыт құсы» атты ертегілері оқылды. Бүлдіршіндер ертегілерден […]
«Навигаторы детства»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері №9 балабақша-гимназиясының қызметкерлерінің қатысуымен «Навигаторы детства» тақырыбында мамандар күні шарасын өткізді. Шара барысында тәрбиешілердің назарына «Әдістемелік әдебиет – тәрбиешілерге көмек» атты кітап көрмемен таныстырып, әртүрлі серияда шыққан балаларға, тәрбиешілерге арналған кітаптар, журналдар, оқу-әдістемелік нұсқаулықтарға шолу жасалды. Сондай-ақ, кітапхана библиографы мектеп жасына дейінгі балаларды кітап оқуға тарту әдістері мен формалары туралы баяндап, […]
«Правовая атака»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері №13 ЖОМ қабырғасында Дүниежүзілік балалар күніне орай «Правовая атака» тақырыбында ойын-тренинг өткізді. Шара барысында кітапханашы мерекенің тарихына тоқталып, балалардың құқықтарын қорғайтын халықаралық құжаттың ережелерімен таныстырды. Одан әрі шара ертегі кейіпкерлерінің өмірінен алынған мысалдармен балалар құқығын бұзу туралы ойын-тренингпен жалғасын тапты. Қатысушылар ойынға белсене қатысып, ұсынылған жағдайларға өз көзқарастарын білдірді. Шара соңында […]
«Мамандықтар әлемі»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Мамандықтар әлемі» тақырыбында квест-ойын ұйымдастырды. Ойынға «Дауыл» және «Құйын» атауымен екі команда қатысты. Балалар мамандықтар туралы мақал-мәтелдер айтып жарысып, «Барлық жұмыс керемет, талғамыңызға қарай таңдай біл» атты викторинаға белсене қатысты. Шара «Мамандықтар әлемі» атты кітап көрмені тамашалаумен аяқталды.