«Жануарлар әлеміне саяхат»


Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №17 мектеп лагерінің оқушыларына арнап «Жануарлар әлеміне саяхат» ойыныны ұйымдастырды. Ойын бірнеше бөлімнен тұрды. «Кімнің дауысы?» атты бөлімде қай жануар мен құстың дауысы екенін табу керек болды. «Жұмбақ құрастыр» бөлімінде жануарлар туралы жұмбақтар жасырылды. Қызыл кітап туралы қысқаша мәлімет беріліп, балалар «Қызыл кітап» неліктен қызыл деп аталады деген сұрақтарға балалар тұшымды жауап қайырды. «Хабарландыру» атты бөлімде балақайлар хабарландыруда сипатталған жануарларды табу қажет. Мысалы: «Қанеки достар! Менде көп ине бар, керек болса хабарлас» (Кірпі). Балалар Чебурашка, Қошақаным, Бремен музыканттары туралы караоке әндерін шырқады. Шара «Күшіктер патрулі» және «Үй жануарлары» мультфильмдерін тамашалаумен өз мәресіне жетті. «Кітап бетіндегі жануарлар мен құстар» атты кітап көрмесі рәсімделді.

Updated: Шілде 9, 2021 — 9:58 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған