«Кітап – балалардың айнымас досы»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері №25 қазақ қыздар гимназиясының жазғы мектеп лагерь оқушыларына арнап экскурсия өткізді.
ОҚК балалар бөлімінің қызметкері Ж.Қ.Бектасова «кітапхана» ұғымы жайлы түсінік бере келе, кітапхананың мақсаты мен қызметі және т.б. жайында қысқаша баяндап өтті. Сонымен қатар, балаларды кітапхана қорымен, кітапханаға жазылу тәртібімен таныстырып, кітапхана оқырмандары кітапхананы пайдалану ережесін сақтауға міндетті екендігін баса айтты.
Кітапхана әлеміне саяхатқа келген балдырғандар назарына «Балалар энциклопедиясы», «Сиқырлы кітап», «Ертегілер елінде» және т.б сериядағы танымал кітаптар мен «Айгөлек», «Балдырған», «Бала би» және т.б. балаларға арналған әр түрлі жанрдағы басылымдар ұсынылды.
Экскурсия балаларға жұмбақтар жасырумен жалғасын тапты. Балақайлар викторина сұрақтарына жауап беріп, түрлі қозғалмалы қызықты ойындар ойнап, кітапхана туралы мультфильмді тамашалады. Экскурсия соңында оқырман залының қызметкері, балалар тақырыбында қалам тартып жүрген ақын Ардақ Жұмағалиева өзінің қаламынан туындаған өлеңдерімен таныстырды. Балақайлар экскурсиядан жағымды әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне аттанды.

Updated: Маусым 25, 2021 — 10:19 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған