Орталық балалар кітапхана қабырғасында Дүниежүзілік сұлулық күніне орай «Сұлулық – бұл денсаулық» тақырыбында косметолог, өз ісінің шебері Р.Р.Акчибаевамен кездесу болып өтті. Кездесу барысында терінің барлық түрлеріне дұрыс күтім жасау, жасөспірім кезіндегі безеумен күресу және табиғи сұлулықты қалай дұрыс сақтау сынды өзекті мәселелер төңірегінде əңгіме өрбіді. Сондай-ақ косметолог барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, қазіргі уақытта заманауи […]