Month: Қазан 2022

«Өлеңдер мен ертегілер жинағы»

«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Радуга» балабақшасының бүлдіршіндеріне арнайы барып А.Усачев кітабы бойынша «Өлеңдер мен ертегілер жинағы» атты дауыстап оқу шарасын өткізді. Аталмыш шара бүлдіршіндерді мұқият тыңдауға үйрету, олардың кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды. А.Усачевтің балаларға арнап жазған қай шығармасын алсақ та, ол ең алдымен тартымды оқиғаға, қызықты сюжетке, өткір ойға […]

Республика күнімен!

Құрметті жас балғын балақайлар! Сіздерді бүгінгі ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймыз. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз. Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілейміз! Қазақстанның бүгінін нұрландырып, ертеңін гүлдендіретін, атын ай-әлемге паш ететін – ЖАС ҰРПАҚ СІЗДЕРСІЗДЕР!

«Кірді жеңген су мен сабын»

Орталық балалар кітапханасында «Кірді жеңген су мен сабын» атты тазалық сабағы болып өтті. Балаларды денсаулықты сақтауға үйрету, тазалық туралы түсініктерін молайту, тазалық пен ұқыптылыққа баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара ойын түрінде өтті. Кітапханашы балалармен бірге тазалық және гигиенаның таңғажайып әлеміне қызықты саяхат жасады. Сондай-ақ балалар «Мойдодыр» мультфильмінен үзінді тамашалады. Іс-шара барысында балалар тазалық жайында жасырылған жұмбақтарды […]

«Жанға сая Отанымыз – Қазақстан көркем ел»

Орталық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасы күніне орай «Жанға сая Отанымыз – Қазақстан көркем ел» атты тарихи сағат болып өтті. Іс – шараға №6 арнайы мектептің оқушылары мен №26 мектеи гимназиясының 6 «а» сынып оқушылары, ұстаздар қатысты. Кітапханашы оқушыларға Қазақстан Республикасы жайлы, сондай-ақ осы мерекенің шығу тарихы туралы баяндап, балаларға сұрақ – жауап викторинасын өткізді. Іс […]

«Қазақ өнерінің қайраткері»

Қазақ кескіндемеснің класигі Қанафия Телжановтың туғанына 95 жыл толуына орай орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Қазақ өнерінің қайраткері» атты библиография күнін өткізді. Қанафия Телжанов қазақ монументалды кескіндемесінің негізін салушылардың бірі болып саналады. Дала халқының дарынды ұлы Қанафия Темір-Болатұлы кескіндемеде ұлттық мінездеме беріп өзге ұлт өкілдерін, өз өнеріне бетбұрғызған суретші. Оның көркем туындыларының құндылығы эпикалық кеңдігімен, халықтың […]

«Орам, домалақ алма»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №6 ЖОМ-нің 3-сынып оқушыларының қатысуымен «Орам, домалақ алма» атты шарасын өткізді. Шара басында кітапханашы С.Тұрсынханова алма және алманың адам денсаулығына пайдалы қасиеттері, алманың сұрыптары, қандай дәрумендерге бай екендігі туралы мәлімет беріп, сондай-ақ алма туралы пайдалы мағлұматқа қаныққан балаларға «Алма туралы 10 дерек» атты бейнеролик көрсетілді. Одан әрі балалар жасырылған жұмбақтарды шешіп, […]