Орталық балалар кітапханасы қабырғасында «Мен және менің құқығым» атты іскерлік ойыны болып өтті. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру мақсатында ұйымдастырылған шараға №26 мектеп гимназиясының 9-сынып оқушылары, ұстаздар қатысты. «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбымен слайд тізбектемелері көрсетілді. Шара келесідей бірнеше бөлімдерден тұрды: «Сендердің құқықтарың туралы конвенция», «Дауыстап оқиық және есте сақтайық», «Ой жалғау», […]