Құрметті жас өрендер мен балдырғандар! Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен және жазғы демалыстың басталуымен құттықтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеп, болашақтарыз жарқын, аспандарыңыз ашық, елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңыздар дей отырып, Сіздер үшін арнайы ұйымдастырылған мерекелік шараға шақырамыз!
Month: Мамыр 2023
«Ерте үзілген ән»
Орталық балалар кітапханасында №24 мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен жазушы-драматург, қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай «Ерте үзілген ән» тақырыбында портрет кеші болып өтті. Шара барысында жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Кербұғы» повесі бойынша буктрейлер көрсетілді. Буктрейлерді тамашалап болған соң, оқушылар жазушының повесін талқылап, […]
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №22 ЖОМ оқушыларының қатысуымен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасына 300 жыл толуына орай бейнешолу шарасын өткізді. Шара барысында оқушыларға 1723-1727 жылдардағы Қазақстан тарихының ауыр да қасіретті кезеңдерінің тарихымен таныстырып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы туралы бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ, оқушылардың назарына тарихи оқиғаның тереңдігін, қасіретін көрсететін, қазақ тарихында өшпес із қалдырған […]
«Тәрбие отбасынан басталады»
«Жанұя кафесі» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері 15 мамыр – Дүниежүзілік отбасы күніне орай «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге орталық балалар кітапханасының тұрақты оқырмандары Сағындық Айзере әжесі Сүлейменова Айымгүлмен, Жасқайрат Толғанай әжесі Нұргүлмен, Күлбизекова Томирис анасы Күлбизекова Галинамен қатысты. Дөңгелек үстел М.О.Әуезовтың «Бала ата-ананың тағылымымен өседі» деген қанатты сөзімен басталды. […]