Day: Қазан 16, 2023

«Негештер алаңқайы»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Дауысты кітап» клубы аясында №20 балабақша бүлдіршіндері арнап «Негештер алаңқайы» атты дауыстап оқу шарасын өткізді. Кітапханашы жас оқырмандарды «Үй жануарлары», «Адам денесі», «Ғарыш», «Книга рекордов Гиннеса», «Не? Қайда? Қашан?» энциклопедиясымен таныстырды. Кітапханашы «Самая полная энциклопедия научных опытов» энциклопедиясына тереңірек тоқталып өтті. Кітапханашы балалармен бірге энциклопедиядан алынған «Тиынды тап», «Салфетка» тәжірибелерін жасап […]

«Бақыт құсы»

«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №20 балабақша бүлдіршіндері үшін дауыстап оқу шарасын өткізді. Орталық балалар кітапханасының кіші абонементінде жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдарға толы кітап көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы С.Қалиұлының «Бақыт құсы» ертегісін дауыстап оқып берді. Одан әрі кітапханашы балаларға «Қайсысы күшті?» кітабынан өлеңдер, жаңылпаштар, санамақтар оқып, жұмбақтар жасырды.