Month: Қараша 2023

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

Естай атындағы балалар музыка мектебінде М.Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Әлемде жоқ ән салдырған» атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Осы тұста, орталық балалар кітапханасының қызметкерлері кештің сәнін келтіріп, көрнекті ақынның шығармалары және автор туралы мағлұматтарға толы «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрме ұйымдастырды.

«Сәлем – сөздің анасы»

Сәлем беру мәдениеті қазақ даласында бағзы заманнан бері қалыптасып, қанға сіңді. «Сәлем – сөздің анасы» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан Халықаралық сәлемдесу күні бізге де жат емес. Осы күнге орай «Білімпаз» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Үміт» балалар үйі тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Сәлем балақай, мен сенің тәтеңмін!» атты конкурстық бағдарлама өткізді. Шара барысында мерекенің тарихын, […]

«Құқықбұзушылық дегеніміз не?»

Орталық балалар кітапханасында Дүниежүзілік балалар күніне орай «Құқықбұзушылық дегеніміз не?» тақырыбында құқық сағаты болып өтті. Іс-шараға Екібастұз қаласының полиция басқармасының учаскелік инспекторы Асыл Сағадатұлы Кәрібаев және психолог Әлия Төлеуқызы Фофанова шақырылды. Бұл шараға 4»В» сынып оқушылары қатысты. Жасөспірімдер арасында үлкен танымалдыққа ие болған электронды темекінің тигізетін зиянын, сондай-ақ тиісті емес жерлерде петарда атуды тілге тиек […]

«Кітапхананың шытырман жолымен саяхат»

Орталық балалар кітапхасында №25 қазақ қыздар гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Кітапхананың шытырман жолымен саяхат» атты кітапханалық сабақ болып өтті. Балалар кітап әлеміне қызықты саяхат жасап, кітапхананың абонемент, оқу залы бөлімдерінің кітап қоры мен кітапхана ережесі жайлы, кітаптарды дұрыс қолдану керек ережелері туралы мағлұмат алды. Іс-шара барысында балалар кітапханаға қалай жазылу керектігін, «абонемент», «оқу залы» деген не […]