Day: Наурыз 26, 2024

«Ақылдылар мен алғырлар»

Балалар оқу орталығында Екібастұз қаласының «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалардың қатысуымен «Ақылдылар мен алғырлар» атты интеллектуалды ойын өтті. Балалар екі командаға бөлініп, жылдамдық пен тапқырлыққа негізделген, сондай-ақ зияткерлік қабілетті дамытуға арналған түрлі тапсырмаларды орындады. Жүзден жүйрік атанған жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ойын тартысты әрі қызықты өтті.