Month: Ақпан 2024

«Дауысты кітап» клубы

Өскелең ұрпақтыңбілім жолын ашып, олардың заман талабына сай білімді ұрпақ болуына көптегенбілім ошақтары бар. Соның бірі орталық балалар кітапханасының қызметкерлері«Дауысты кітап» клубы аясында №24 балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымендауыстап оқу шарасын өткізді. Шараның алдына қойған мақсаты – бүлдіршіндердікітап оқуға баулып, кітап оқуға тарту, сондай-ақ олардың кітап оқубелсенділігін арттыру. Кітапханашы «Арыстан, қасқыр һәм түлкі», «Түлкі менқұмыра», «Кім күшті?» […]

“Дауысты кітап”

Орталық балалар кітапханасы “Дауысты кітап” клубы аясында №1 балабақша бүлдіршіндеріне дауыстап оқу шарасын өткізді. Іс – шарада кеңес жазушысы, балаларға арналған шығармалардың авторы Виталий Бианкимен, британдық балалар жазушысы Холли Веббтің шығармалары оқылды.

«Халқы сүйген қаламгер»

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері қазақ балалар әдебиетінің классигі атанған Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Халқы сүйген қаламгер» атты әдеби кейс шарасын өткізді. Іс-шараға №6 мектеп-лицейінің және С.Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясының оқушылары, мектеп кітапханашылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

«Қазақ даласынан шыққан ұлы режиссер»

Орталық балалар кітапханасы №6 мектеп гимназия оқушыларына көрнекті театр және кино актері, кинорежиссер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шакен Аймановтың 110-жылдығына «Қазақ даласынан шыққан ұлы режиссер» атты портрет кешін өткізді. Қазақ киноматографиясының алтын қорына енген оннан астам жарқын, қызықты, ұмтылмас фильмдер түсірген ұлы актердің өмірі мен шығармашылығы туралы библиограф Турсунханова айтып берді. Сондай-ақ, балалардың назарына Шәкен Аймановтың […]