Day: Мамыр 2, 2024

«Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктері»

№24 мектеп-гимназия қабырғасында балалар оқу орталығының қызметкерлері Жеңіс күні қарсаңында «Рақымжан Қошқарбаевтың ерліктері» атты тарих сағатын өткізді. Балалардың назарына Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі туралы деректі бейнебаян ұсынылып, тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмеге шолу жүргізілді. Шараны қорытындылай келе, балалар викториналық сұрақтарға жауап берді. Шараға белсене қатысқан оқушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.