Балалар оқу орталығының қызметкерлері Аналар күні қарсаңында «Анаға сый» атты шеберлік сағатын өткізді. Аталмыш шараға №6 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Шеберлік сағатты бастамас бұрын кітапханашы оқушыларға анаға құрмет тақырыбында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ балаларда аналарына деген сүйіспеншіліктерінің шексіз екенін білдіріп, аналарын қуанту үшін барын салатындарын айтып ағынан жарылды. Шеберлік сағатта кітапханашы қағаз майлықтарының орамдарынан гүлсауыт, ал жұмыртқа […]