«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №10 ЖОМ-нің 1-сынып оқушыларының қатысуымен «33 мысал» оқу кітабы бойынша дауыстап оқу шарасын өткізді.
«33 мысал» топтаманың негізгі мақсаты – бүлдіршіндердің кітап әле¬міне, кітапты оқуға деген құштарлық сезімін ояту. Бала тілін оқуға жаттықтыру үшін берілген шағын шығармалар¬дың тілі жеңіл. Тәрбиелік мәні зор бұл жинақтар балаларды адамгер¬шілікке, елін, жерін сүйіп, құрмет тұтуға шақырады.
Шара барысында топтамадан қызық әрі ұғынықты қысқаша әңгімелер оқылды.