Құрметті оқырман!
Сары күздің алғашқы күлімдеген күнін – Біліммен байланыстырудың байламы кең ұғымның бастауы болатын. Күз – берекенің қазаны, мерекенің базары болса, молшылық пен тоқшылықтың тойы албырт баланың ақылын толыстырып, білімге де ықыласын ашып, ынтасын арттырар мезгіл. Сондықтан 1 – қыркүйек күні білімнің беташар беті болып қалыптасқан.
Бұл күні кітапхана ұжымы да шетте қалмай, сіздерді бүгінгі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтайды. Жаңа оқу жылында биік белестерге жетіп, білімнің заңғар шыңынан көрініп, білім қоржындарыңызды күн сайын толықтыра беріңіздер. Осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығыңыздар! Озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар! Болашақ сіздердің қолдарыңызда!
Білімнің бастауы – кітап дей отырып, сіздерді біздің кітапханаларымызға шақырамыз. Сіздердің көңілдеріңізден шығып, талаптарыңызды қанағаттандыру үшін аянып қалмаймыз.

Updated: Тамыз 31, 2023 — 5:31 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған