Орталық балалар кітапханасында Қазақстан халқы тілдер күніне орай №6 мектеп – лицей оқушыларының қатысуымен «Кез келген тіл өзінше ұлы» атты библиоэкспозиция шарасы болып өтті.
Шара аясында кітапханашы балаларға тіл мерекесінің тарихы, сондай-ақ ҚР Тіл туралы заңы қашан қабылданғаны жайында айтып берді. Одан әрі шара «Атаның сөзі-ақылдың көзі» атты мақал-мәтелдер жарысы ойынымен жалғасын тапты. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» атты жұмбақтар сайысында оқушылар жасырылған жұмбақтарды шешіп, тапқырлық танытты. Сонымен қатар атақты би-шешендер, ақын-жазушылардың дәйексөздерімен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Оқушылардың бұл шарадан алған әсері мол болды. Шара соңында кітапханашы «Тіл – асыл қазына» атты кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізді.