«Елден ала бөтен немесе көшбасшы»


Орталық балалар кітапханасының тұрақты оқырмандары арасында «Елден ала бөтен немесе көшбасшы» атты сауалнама өткізілді. Сауалнаманың мақсаты – балалардың көшбасшылық қабілетін анықтау.
Сауалнама кезінде балаларға түрлі сұрақтар қойылды. Мысалы: сыныптастарыңның ішінде достарың бар ма? Сыныптарың сабақтан қашып кетті. Бұл кімнің ойы? Егер сыныптастарың саған бір өтінішпен жүгінсе, әдетте олар сенен бұл туралы қалай сұрайды? Сен мектепке не үшін барасың?
Сауалнамаға қатысқан 15 баланың 75%-ы көшбасшылық қабілетке ие. Сауалнамаға қатысқандардың барлығы дерлік «елден ала бөтен» дегенге теріс көзқарастарын білдірді. Сауалнамаға қатысушылардың 35% – ы өздерін «жұлдыз» және «бақылаушы» санайды.

Updated: Ақпан 9, 2023 — 12:29 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған