Орталық балалар кітапханасы «Оқымпаз балалық шақ» серіктестік жобасы аясында Балалар жылы және Балалар кітабының апталығына арналған №20 балабақша тәрбиеленушілері арасында «Туған жерім таусылмас жыр-дастаным!» атты челлендж өткізді. Павлодар өңірінің ақындарының шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №20 балабақшаның бүлдіршіндері қатысты. Ең кішкентай қатысушы Шаймерденова Азима 3 жаста. Балалар Павлодар өңірінің балалар тақырыбында қалам тербеп жүрген ақындардың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп жатқа айтып берді. Челлендждің барлық қатысушыларының дайындығы жоғары деңгейде. Қатысушылар жасы кішкентай болғанымен, сахналық сөйлеу мәдениетін ұстанып, өздерінің эмоцияға толы көңіл-күйлерін жеткізе білді. Әр қатысушыға алғыс хат және кішігірім сыйлық кітап табыс етілді.