«Тарихқа тұнған даламыз»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында балалар оқу орталығының қызметкерлері №22 және №26 гимназия-мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Тарихқа тұнған даламыз» атты тарихи сағатын өткізді.
Шара барысында бабалардың сан ғасыр арманы болған егемендікке жету тарихы, елдің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен болашағы жайлы танымды мол ақпарат беріп, еліміздің тарихы бойынша «Жылдар сөйлейді» викторинасы өткізілді. Одан әрі кітапханашы еліміздің тарихын баяндайтын «Тәуелсіздік – ұлттық мақтаныш» атты кітап көрмеден қазақ хандығы кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі алаш қайраткерлерінің саяси күресі, еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен таныстырды. Қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салып, іс-шарадан көптеген мағлұмат алғандарын айтып, желтоқсан оқиғасына қатысқан батырларымыздың есімдерін еске алды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай деген тілекпен шара өз мәресіне жетті.

Updated: Желтоқсан 13, 2024 — 11:32 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған