«В.Сутеевтің 120 жылдығына»


«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері жазушы, суретші-иллюстратор, режиссер,сценарист В.Сутеевтің 120 жылдығына орай «Добрые сказки в радужных красках» тақырыбында дауыстап оқу шарасын өткізді. Бұл шараға «Жас дарын» репититорлық орталығының балалары қатысты.
Шара барысында кітапханашы балаларды жазушының өмір жолымен, сондай-ақ шығармашылығымен таныстырып, «Балықшы мысық» атты ертегісінен үзінді оқып берді. Содан кейін жазушының ертегісі бойынша түсірлген мультфильмі көрсетілді. Балалар мультфильмді қызығушылықпен тамашалап, түрлі сұрақтарға жауап берді. Шара соңында кітапханашы балаларды тақырыпқа сай жасақталған «Сүтеевтің ертегілерінің әлемі» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Updated: Тамыз 15, 2023 — 9:58 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған