«Сөздік – әліпби ретіндегі ғалам»
Орталық балалар кітапханасында «Сөздік – әліпби ретіндегі ғалам» атты кітапханалық сабағы болып өтті. Аталмыш шараға №6 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Шара жүргізушісі балаларға жалпы сөздік туралы, сондай-ақ олардың түрлері жайында көптеген мағлұмат берді. Жүргізуші құнды да пайдалы мәлімет беріп өткен соң, балаларға түрлі қызықты тапсырмалар берді. Демек, балалар қазақ тілінің түсіндірме сөздігін пайдаланып және шапшаңдық танытып, тез арада «аңдатпа», «әбзел», «бөріқұлақ» сөздерінің мағынасын тапты. Сондай-ақ, қазіргі уақытта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ дегендей. Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады. Ендеше, кітапханашы осы тұжырымды нық ұстанып, кейбір сөздердің ағылшын тіліндегі аудармасын табуды ұсынды. Балалар ағылшын тілінің сөздігін пайдаланып, берілген сөздердің аудармасын жарыса айтты.
Тақырыпқа сай дайындалған «Тіл мәйегі сөздікте»атты кітап көрмеге шолу жасалды. Шара өте қызықты да танымды өтті.