«Мультфильмдер елі»


Орталық балалар кітапханасында «Жас дарын» дамыту орталығының балаларына арналған «Мультфильмдер елі» атты кинолекторий шарасы болып өтті. алдымен балалар мультипликацияның жасалу тарихымен танысып, одан әрі өздерінің сүйікті мультфильмдері мен кейіпкерлері туралы әңгімеледі. Кітапханашы бар елге танымал болған мультфильм кейіпкерлері туралы айтып, «Не? Қайда? Қашан?», «Негештер шайқасы», «Білгірлер марафоны», «Атын толтыр» сияқты бірнеше кезеңнен тұратын викторина өткізді. Балалар қойылған сұрақтардың барлығына белсене жауап берді. Балалар кітапхананың оқу залында «Экранда мультфильм, ал бізде кітап» атауымен ресімделген кітап көрмеге мультфильмдерге арқау болған кітаптарды тамашалады. Шара соңында қатысушылар назарына «Графити Фолз» мультфильмі ұсынылды.

Updated: Маусым 7, 2023 — 2:20 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған