«Бірге жүріп қызықтаймыз»


Орталық балалар кітапханасында Н.Носов 115 жылдығына және В.Драгунскидің 110 жылдығына орай «Бірге жүріп қызықтаймыз» атауымен жайдарман болып өтті. Бұл шараға №6 мектеп лицейі жанындағы «Атмосфера» жазғы лагерінің балалары қатысты. Шара барысында кітапханашы балаларға осы жазушылардың ең қызықты шығармалары және көпшілікке танымал кейіпкерлері туралы айтып берді. Шара бірқатар тапсырмалардан тұрды: «В.Драгунскийдің әңгімелері бойынша ми шынықтыру», «Блиц-тест», «Авторлардың әңгімелерін тап», «Ғажайып ән» және т.б. аталмыш шарада балалар түрлі тапсырмалар орындап, қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, караокеде ән айтты. Балалар «Күлкі шеберлері» кітап көрмесін ташалап, кітапханашы кітап көрмеге шолу жүргізді.

Updated: Маусым 7, 2023 — 2:23 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған