Month: Наурыз 2022

«Туған жерім таусылмас жыр-дастаным!»

Орталық балалар кітапханасы «Оқымпаз балалық шақ» серіктестік жобасы аясында Балалар жылы және Балалар кітабының апталығына арналған №20 балабақша тәрбиеленушілері арасында «Туған жерім таусылмас жыр-дастаным!» атты челлендж өткізді. Павлодар өңірінің ақындарының шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №20 балабақшаның бүлдіршіндері қатысты. Ең кішкентай қатысушы Шаймерденова Азима 3 жаста. Балалар Павлодар өңірінің балалар тақырыбында қалам тербеп жүрген ақындардың […]

«Медициналық бетпердеден жасалған ғажайыптар»

Орталық балалар кітапханасында «Медициналық бетпердеден жасалған ғажайыптар» атты хендмейд болып өтті. Балалардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту, сондай-ақ оларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №21 мектептің оқушылары қатысты. Медициналық бетперде, қайшы, желім – осы үш-ақ нәрседен балалар гүлдердің неше түрлісін жасап, шеберлікпен айналысты. Балалар бетпердеден әртүрлі заттар […]

«Балалық шақ шоқжұлдызы»

Орталық балалар кітапханасының қабырғасында Балалар жылына және балалар кітабы апталығының ашылуына арналған «Балалық шақ шоқжұлдызы» атты мерекелік бағдарлама болып өтті. ОҚК кітапханаларды дамыту және әдістемелік бөлім меңгерушісі Р.Сейсекенова сөз алып, балаларды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, оқуда сәттілік тілеп ізгі тілегін білдіріп, сондай-ақ балаларды кітапқұмар болуға шақырды. Аталмыш мерекелік шарада балаларды ертегі кейіпкерлері Дымбілмес, Карлсон, Ниндзя […]