Month: Қаңтар 2024

«Көк байрақтай – көк жейде»

«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Құмар Нұрланның кітабы бойынша «Көк байрақтай – көк жейде» дауыстап оқу шарасын өткізді. Іс-шараға №6 лицей-мектебінің оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы оқушыларды жазушының өмір жолымен, сондай-ақ шығармашылығымен таныстырып, «Құмырсқа жүгіреді жұмысқа», «Мақалдың қасиеті», «Бір құшақ қиял», «Ғибадаттың ғажабы» сияқты әңгімелері мен «Жеңіс пен жеміс түбі – сабыр», […]

«Павел Васильев – ақын және арыстан жүректі азамат»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері арыны бөлек сыршыл ақын Павел Васильевтің туғанына 115 жыл толуына орай «Павел Васильев – ақын және арыстан жүректі азамат» тақырыбында өлкетану экскурсиясын өткізді.

«Қыстап қалатын құстар»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Екібастұз қаласының «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Қыстап қалатын құстар» атты құстар күні шарасын өткізді. Шараның алдына қойған мақсаты – тәрбиеленушілерге жергілікті жерде мекендейтін құстар туралы мағлұмат беру, оның ішінде қыстап қалатын құстар туралы түсінік беру, құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Шара барысында оқушыларды қыста қалатын құстардың […]

«Қылқалам ұшындағы кітап: сурет өнеріндегі оқымпаз балалардың бейнесі»

Орталық балалар кітапханасында С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Қылқалам ұшындағы кітап: сурет өнеріндегі оқымпаз балалардың бейнесі» тақырыбында ақпараттық күні болып өтті. Шара барысында балаларға суретші, кескіндемеші жайында толық мағлұмат берілді. Сондай-ақ библиограф балаларды классикалық дәуірдегі кескіндеме шеберлерінің және қазіргі суретшілердің шығармаларымен таныстырды. Іс-шара қызықты бейнероликті тамашалаумен жалғасын тапты. Шара соңында балалар өз қиялындағы […]