Month: Мамыр 2025

«Сказка о глупом мышонке»

«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының кітапханашысы Т.Е. Ракишева №9 балабақшаның кіші топтарына арнап С.Я. Маршактың «Сказка о глупом мышонке» атты өлеңін дауыстап оқып берді. Іс-шараның басында автордың өмірбаяны мен шығармашылығына қысқаша тоқталып өтті. Кітапханашы өлеңді оқи отырып кітаптағы қызықты иллюстрацияларды көрсетті. Балалар әдеби викторинаның сұрақтарына жауап берді. Бүлдіршіндерге кітапты ұқыпты ұстау керектігін айтты. […]

«Дауысты кітап» клубы аясында

«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №9 балабақшаның тәрбиеленушілері арнап ағайынды Гриммдердің «Бремен музыканттары» ертегісі бойынша дауыстап оқу шарасын өткізді.

«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы»

Белгілі жазушы, халық қаһарманы Б. Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай балалар оқу орталығының қызметкерлері №26 гимназия-мектебінің оқушыларына арнап «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» атты әдеби кейс шарасын өткізді. Кітапханашы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі, өнегелі істерін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік […]

Кітапханаға саяхат!

Сәуір айында №10 ЖОМ, №25 қазақ қыздар гимназиясының оқушылары, сондай-ақ №5 және 25 балабақшаның мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері балалар оқу орталығына ат басын тіреп, кітапхана тынысымен танысып қайтты. Кітапханашылар балаларды кітапхананың жұмыс тәртібімен, кітапханаға жазылу ережелерімен таныстырып, кітап қоры мен мерзімді басылымдарға да тоқталып өтті. Сондай-ақ балалар түрлі тақырыптық конкурстар, әдеби викториналар мен қызықты ойындарға […]