Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай балалар оқу орталығының қызметкерлері №23 ЖОМ оқушыларының қатысуымен «Государственный Флаг, Герб, Гимн – знак чести мира и надежды» атты тарих күнін өткізді. Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ел тәуелсіздігінің басты нышандары болып табылатын Ту, Елтаңба және Әнұранның мән-мағынасын терең түсіндіру, отансүйгіштік пен патриоттық сезім қалыптастыру. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері […]
Category: Басты
«Бала күлкісі – әлем сұлулығы»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала күлкісі – әлем сұлулығы» атты жарқын да мазмұнды мерекелік бағдарлама өткізді. Мерекелік шара «Қазақстан» орталық алаңында өтті. Бұл шараға қаламыздың кішкентай тұрғындары ата-аналарымен бірге белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен тамаша күнді бірге өткізді. Балалар мен ересектердің назарын аударған иллюстрацияланған ертегілер, қызықты әңгімелер, техника мен табиғат туралы […]
«Сказка о глупом мышонке»
«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының кітапханашысы Т.Е. Ракишева №9 балабақшаның кіші топтарына арнап С.Я. Маршактың «Сказка о глупом мышонке» атты өлеңін дауыстап оқып берді. Іс-шараның басында автордың өмірбаяны мен шығармашылығына қысқаша тоқталып өтті. Кітапханашы өлеңді оқи отырып кітаптағы қызықты иллюстрацияларды көрсетті. Балалар әдеби викторинаның сұрақтарына жауап берді. Бүлдіршіндерге кітапты ұқыпты ұстау керектігін айтты. […]
«Дауысты кітап» клубы аясында
«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №9 балабақшаның тәрбиеленушілері арнап ағайынды Гриммдердің «Бремен музыканттары» ертегісі бойынша дауыстап оқу шарасын өткізді.
«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы»
Белгілі жазушы, халық қаһарманы Б. Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай балалар оқу орталығының қызметкерлері №26 гимназия-мектебінің оқушыларына арнап «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» атты әдеби кейс шарасын өткізді. Кітапханашы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі, өнегелі істерін насихаттай отырып, Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік […]
Кітапханаға саяхат!
Сәуір айында №10 ЖОМ, №25 қазақ қыздар гимназиясының оқушылары, сондай-ақ №5 және 25 балабақшаның мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері балалар оқу орталығына ат басын тіреп, кітапхана тынысымен танысып қайтты. Кітапханашылар балаларды кітапхананың жұмыс тәртібімен, кітапханаға жазылу ережелерімен таныстырып, кітап қоры мен мерзімді басылымдарға да тоқталып өтті. Сондай-ақ балалар түрлі тақырыптық конкурстар, әдеби викториналар мен қызықты ойындарға […]
23 сәуір – Ұлттық кітап күні!
23 сәуір – Ұлттық кітап күні! Осы айтулы мереке күні №5 балабақша тәрбиеленушілері кітапханаға ат басын тіреп, кітапхана тынысымен танысып қайтты
«Доктор градусник советует»
Жыл сайын 7 сәуір күні бүкіл әлемде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Осы тұста балалар оқу орталығының қызметкерлері №33 ЖОМ қабырғасында оқушылармен «Доктор градусник советует» сұрақ-жауап сағатын өткізді. Оқушылардың назарына «Ищем страну здоровья» кітап көрмесі ұсынылды. Одан әрі балалар жұмбақтар шешіп, тақырыптық викторинаның сұрақтарына жауап берді. Пайдалыны жағымдымен ұштастырып, бой жазу жаттығуларын белсене орындады. Аталмыш […]
«Мелодии моей души»
Балалар кітабы апталығының жабылуына орай балалар оқу орталығының қызметкерлері павлодарлық ақын Л.Н. Бевздің шығармашылығына арналған «Мелодии моей души» тақырыбында әдеби сағат өткізді. Аталмыш іс-шараға №1 лицей-мектебінің 5«А» сынып оқушылары қатысты. Іс-шара басында кітапханашы балаларды Халықаралық балалар кітабы күнімен құттықтап, мерекенің шығу тарихы туралы қысқаша тоқталып өтті. Одан әрі оқушылар ақынның өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты. Оқушылар […]
«Ертегілер елінде»
«Дауысты кітап» клубының аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №16 балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен дауыстап оқу шарасын өткізді. Кітапханада «Ертегілер елінде» атты түрлі-түсті кітап көрме ұйымдастырылды. Шара барысында «Бөпеңе оқып бер» сериясымен шыққан «Қаңбақ шал» атты ертегісі оқылды. Одан әрі балалармен ертегідегі кейіпкерлер, сонымен қатар Қаңбақ шалдың қиындықтарды қалай жеңіп шыққаны жайында айтылды. Кітапханашылар қиял-ғажайып ертегі арқылы […]