Орталық балалар кітапханасы «Сөйлейтін кітап» клубы аясында әлеуметтік желілердің кішкентай тыңдаушыларына арнап «Үш аю=Три медведя» / орыс халық ертегісі бойынша онлайн дауыстап оқу шарасын өткізді
Category: Басты
“Отбасы және кітап”
Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Татьяна Ракишева Отбасы күніне орай “Отбасы және кітап” көрмесін дайындады. Бейнероликте іс-шара тақырыбына сай ОҚК балалар бөлімінің кітап қорынан жас оқырмандар назарына балалар әдебиеті ұсынылды. Атап айтсақ, А.Баймұхаметовтің «Мені тастамашы, анашым!»; А. Раскиннің «Как папа был маленьким»; Г.Малоның «Без семьи» және т.б. шығармалар көрмеден орын алды. Бейнероликтің толық нұсқасын […]
«Қазақстандық Пришвин»
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Максим Зверев-Қазақстан үшін аты аңызға айналған тұлға» буктрейлері бойынша құрастырылған Максим Зверевтің 125 жылдығына арналған «Қазақстандық Пришвин» библиография күнін ұйымдастырды. Іс-шара барысында жас тыңдаушылар Максим Зверевтің өмірі және шығармашылығымен танысты. Іс – шара соңында жас оқырмандар назарына кітап көрмесі ұсынылды. Бейнебаянды толығымен біздің әлеуметтік желілерден тамашалай аласыздар.
«Семипалатинский полигон: память и боль»
Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына орай орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Е.Ракишева «Семипалатинский полигон: память и боль» онлайн ақпарат күнін өткізді. Бейнероликте осы атаулы күн, сондай-ақ «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы туралы қысқаша ақпарат берілді. Тақырып аясында кітап көрмесі жасақталды. Аталмыш көрмеден Қ.Б. Бозтаев «Семей полигоны», Р.Сейсенбаев «Тоска по отцу, или День, когда рухнул […]
«Жазушы қаламынан»
Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері қазақстандық балалар әдебиетін насихаттау барысында Сәуле Жанғазы, Гүлдана Мұхтарбекқызының «Super – Мен немесе өмірдегі басты мақсат» атты кітабын оқырмандар назарына ұсынды
«Планета дауысы»
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай «Планета дауысы» атты буктрейлерін ұсынды. Аталмыш буктрейлерде экологиялық проблема, Семей полигонында болған оқиғаның салдары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жайында баяндалды. 1949 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонында тұңғыш рет атом бомбасы сынақтан өткізілді. Араға тура 42 жыл уақыт өткеннен кейін ғана – […]
«Жануарлар әлеміне саяхат»
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №17 мектеп лагерінің оқушыларына арнап «Жануарлар әлеміне саяхат» ойыныны ұйымдастырды. Ойын бірнеше бөлімнен тұрды. «Кімнің дауысы?» атты бөлімде қай жануар мен құстың дауысы екенін табу керек болды. «Жұмбақ құрастыр» бөлімінде жануарлар туралы жұмбақтар жасырылды. Қызыл кітап туралы қысқаша мәлімет беріліп, балалар «Қызыл кітап» неліктен қызыл деп аталады деген сұрақтарға балалар тұшымды […]
«Бәйге» әдеби-ойын бағдарламасы
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №5 ЖОББМ «Бірлік» бос уақытты қамту орталығының балаларына «Бәйге» әдеби-ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Жарыс әдебиеттің ертегілер, классика, детектив, шытырман оқиғалар сынды түрлі жанрлары бойынша өтті. Әдеби жарыстарға 3 адамнан 2 топ қатысты. Ойыншылардың міндеті: кітап жолымен жүру, жолда көптеген кедергілерді жеңу және мәреге бірінші болып келу. Жарыс балалар таныс ертегілер бойынша сұрақтарға […]
«Кітап – балалардың айнымас досы»
Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері №25 қазақ қыздар гимназиясының жазғы мектеп лагерь оқушыларына арнап экскурсия өткізді. ОҚК балалар бөлімінің қызметкері Ж.Қ.Бектасова «кітапхана» ұғымы жайлы түсінік бере келе, кітапхананың мақсаты мен қызметі және т.б. жайында қысқаша баяндап өтті. Сонымен қатар, балаларды кітапхана қорымен, кітапханаға жазылу тәртібімен таныстырып, кітапхана оқырмандары кітапхананы пайдалану ережесін сақтауға міндетті екендігін […]
«Оқыңыз, жаңа сиқырлы әлемді ашыңыз!»
Экскурсияның мақсаты – балаларды кітапханамен, кітап қорымен таныстыру. Балалардың кітапқа, сондай–ақ кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Қатысушылардың көптігіне байланысты балалар 2 топқа бөлінді. Бірінші топ кітапханаға экскурсия жасады, ал екінші топ шағын ауданның ауласында «Секіртпемен және доппен жүгіру», «Торғай мен түлкі», «Жер, су, ауа, от», «Басқаға бер» сынды қозғалмалы ойындар ойнады. Балалар үшін түрлі конкурстар, […]