Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына орай орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Е.Ракишева «Семипалатинский полигон: память и боль» онлайн ақпарат күнін өткізді. Бейнероликте осы атаулы күн, сондай-ақ «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы туралы қысқаша ақпарат берілді. Тақырып аясында кітап көрмесі жасақталды. Аталмыш көрмеден Қ.Б. Бозтаев «Семей полигоны», Р.Сейсенбаев «Тоска по отцу, или День, когда рухнул […]
Category: Басты
«Жазушы қаламынан»
Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері қазақстандық балалар әдебиетін насихаттау барысында Сәуле Жанғазы, Гүлдана Мұхтарбекқызының «Super – Мен немесе өмірдегі басты мақсат» атты кітабын оқырмандар назарына ұсынды
«Планета дауысы»
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай «Планета дауысы» атты буктрейлерін ұсынды. Аталмыш буктрейлерде экологиялық проблема, Семей полигонында болған оқиғаның салдары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жайында баяндалды. 1949 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонында тұңғыш рет атом бомбасы сынақтан өткізілді. Араға тура 42 жыл уақыт өткеннен кейін ғана – […]
«Жануарлар әлеміне саяхат»
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №17 мектеп лагерінің оқушыларына арнап «Жануарлар әлеміне саяхат» ойыныны ұйымдастырды. Ойын бірнеше бөлімнен тұрды. «Кімнің дауысы?» атты бөлімде қай жануар мен құстың дауысы екенін табу керек болды. «Жұмбақ құрастыр» бөлімінде жануарлар туралы жұмбақтар жасырылды. Қызыл кітап туралы қысқаша мәлімет беріліп, балалар «Қызыл кітап» неліктен қызыл деп аталады деген сұрақтарға балалар тұшымды […]
«Бәйге» әдеби-ойын бағдарламасы
Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №5 ЖОББМ «Бірлік» бос уақытты қамту орталығының балаларына «Бәйге» әдеби-ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Жарыс әдебиеттің ертегілер, классика, детектив, шытырман оқиғалар сынды түрлі жанрлары бойынша өтті. Әдеби жарыстарға 3 адамнан 2 топ қатысты. Ойыншылардың міндеті: кітап жолымен жүру, жолда көптеген кедергілерді жеңу және мәреге бірінші болып келу. Жарыс балалар таныс ертегілер бойынша сұрақтарға […]
«Кітап – балалардың айнымас досы»
Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері №25 қазақ қыздар гимназиясының жазғы мектеп лагерь оқушыларына арнап экскурсия өткізді. ОҚК балалар бөлімінің қызметкері Ж.Қ.Бектасова «кітапхана» ұғымы жайлы түсінік бере келе, кітапхананың мақсаты мен қызметі және т.б. жайында қысқаша баяндап өтті. Сонымен қатар, балаларды кітапхана қорымен, кітапханаға жазылу тәртібімен таныстырып, кітапхана оқырмандары кітапхананы пайдалану ережесін сақтауға міндетті екендігін […]
«Оқыңыз, жаңа сиқырлы әлемді ашыңыз!»
Экскурсияның мақсаты – балаларды кітапханамен, кітап қорымен таныстыру. Балалардың кітапқа, сондай–ақ кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Қатысушылардың көптігіне байланысты балалар 2 топқа бөлінді. Бірінші топ кітапханаға экскурсия жасады, ал екінші топ шағын ауданның ауласында «Секіртпемен және доппен жүгіру», «Торғай мен түлкі», «Жер, су, ауа, от», «Басқаға бер» сынды қозғалмалы ойындар ойнады. Балалар үшін түрлі конкурстар, […]
«Кітаппен өткен жаз қызық»
№35 мектеп-гимназиясының жазғы мектеп лагерінің 1-4 сынып оқушылары Орталық қалалық кітапхананың балалар бөліміне саяхатқа келді. ОҚК балалар бөлімінің қызметкерлері Т.Е.Ракишева мен Ж.Қ.Бектасова балаларды кітапхананың қорымен, кітапханаға жазылу тәртібімен, кітапхананың жалпы ережелерімен және т.б. таныстырып өтті. Кітапхана әлеміне саяхатқа келген оқушылардың назарына «Қазақтың ертегілері», «Мектеп кітапханасы», «Нұрсәуле-Лучик», «Сиқырлы кітап», «Кітаптар менің достарым», «Ертегілер планетасы» және т.б […]
“Гүл этикеті”
Орталық балалар кітапханасы мектеп жанындағы лагерь балаларына арналған “Гүл этикеті” әдеби ойынын өткізді. Іс-шара барысында балалар гүлдердің пайда болуымен байланысты жұмбақ аңыздарды тыңдап, “Бір рет түймедақ, екі түймедақ…”, “Танысайық” (гүлдерді қалай дұрыс сыйлау туралы) викториналарына қатысып, жұмбақтарды бірге шешіп, бос уақыттарын көңілді және пайдалы өткізді. Іс-шараның соңында балалар гүлдер туралы «Жай ғана» атты мультфилімін тамашалады.
“Құстар достар”
Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасының ұжымы №25 қыздар гимназиясының “Кәусар бұлақ” жазғы лагерінің балаларына арналған “Құстар достар” атты танымдық сағатын өткізді. Іс – шарада табиғаттың бір бөлігі құстар туралы, құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал – мәтелдері айтылды.Оқушылар құстарға байланысты халық болжамдарын айтты .Одан кейін балаларға «Құс пен түлкі» атты мультфильмін ұсынылды […]