Балалар оқу орталығының қызметкерлері №26 гимназия – мектебінің «Балдәурен» жазғы лагерь балаларының қатысуымен «Ертегі әлеміне саяхат» атты танымдық сағат өткізді.
Кітапханашы қазақ ертегілерінің маңызы туралы қысқаша түсінік беріліп, қазақ ертегілеріндегі тәрбиелік мән, кейіпкерлердің үлгі боларлық қасиеттері жайлы әңгіме қозғалды.
Балаларға «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алдар көсе» сияқты танымал ертегілерден үзінділер оқылды. Балалар ертегілердің мазмұнын талқылап, ойларын ортаға салды.
Іс-шара тартымды әрі мазмұнды өтті. Балалар іс-шараға белсене қатысып, қазақ ертегілеріне қызығушылық танытты.
Іс-шара соңында балалар үшін кітапхана ішіне шағын экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балаларды кітапхана тынысымен таныстырып, кітапхананы пайдалану ережесі жайлы баяндалды. Кейбір балалар кітапханаға жазылуға ниет білдірді.