«Сиқырлы әріп»

Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Дауысты кітап» клубы аясында әлеуметтік желінің кішкентай тыңдармандарына В.Драгунскийдің әңгімелері бойынша «Сиқырлы әріп» онлайн дауыстап оқу іс-шарасын ұйымдастырды. Виктор Драгунский – әйгілі балалар жазушысы. В.Драгунскийдің қызықты және еліктіргіш әңгімелері кішкентай оқырманды назардан тыс қалдырмайды. Жазушыны танымал еткен «Денистің әңгімелері» атты әңгімелер топтамасы. «Сиқырлы әріп» әңгімесі «ш» дыбысына тілі келмейтін […]

«Бір ел – бір кітап»

2012 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстан балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» атты кітабы бойынша «Ине мен жіп» және «Кітап мұңы» ертегілері әлеуметтік желідегі оқырмандар арасында дауыстап оқу ұсынылған болатын. «Ине мен жіп» ертегісінде екеуінің достығы жайлы баяндалады. «Кітап мұңы» ертегінде кітапты қалай бағалау, кітап қадірін түсіне білу жайында сөз […]

«Аққулар ұйықтағанда»

Биыл ақын М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасы ұйымдастырған «Аққулар ұйықтағанда» атты онлайн поэзия кеші өткізілді. Ақын шығармаларының үлкен бір саласы – оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы жарияланды. Композиция жағынан поэма үш тарауға бөлінген. Бейнеролик барысында […]

“Өнер – білім бар жұрттар”

Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай және «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Өнер – білім бар жұрттар» поэзия сәтінің «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Орталық балалар кітапханасы «Өнер – білім бар жұрттар» атты поэзия сәтін өткізді. Ыбырай Алтынсарин – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және […]

«Қайғылы оқиғаның ақиқатын іздеуші»

Орталық балалар кітапханасы Бекболат Хазыровтың 95 жылдығына орай «Қайғылы оқиғаның ақиқатын іздеуші» атты онлайн өлкетану сағаты өткізілді. Бекболат Манапұлы Хазыров – тарихшы, өлкетанушы, жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы. Павлодар қаласында тұрады. Өлкетану сағатта Б.Хазыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат берілді. Б.Хазыров жазған кітаптар ұсынылды. Әр кітапта қысқаша сипаттама берілді.

Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасы жаңа кітаптармен толықты!

Ағылшын жазушысы Холли Веббтің балаларға арналған кітаптары кеңінен танымал. Холли Вебб кітабындағы оқиғалар эмоцияға толы, оқырмандарды еліктіріп, сондай-ақ оларды қарапайым тілімен ұйытып әкететін қасиетімен ерекшеленеді. Тілі шұрайлы, оқылуы жеңіл, өнегесі мол. Балаларға арналған кітап хикаялары. Смартфондағы мультфильмдер мен ойындардан асып түспесе кем емес. Холлидің кейіпкерлері өте сүйкімді және қарапайым. Қаламгер қаламынан туған шығармалардың тілі жеңіл, […]

«Жаңа жылға ертегілермен»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Е.Ракишева «Жаңа жылға ертегілермен» атты әдеби толқынды онлайн-форматында ұйымдастырды. «Алдар көсенің ғажап тоны» мен «Он екі ай» ертегілері арқылы сұрақ-жауап ұсынылды. Сонымен қатар ертегілердің жасырынған үзінділерін, «Дисней» ертегілерінің ханшайымдарын тауып алу болатын.

Жаңа жыл мерекесімен

Аппақ қардай көңілі пәк балақайлар! Сендерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Келіп жеткен жыл сендерге тек жақсылықтарын сыйласын, қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат болыңдар! Көрер жаңа жылдарың көп болсын, жүздеріңнен тек қана нұрлы күлкі көрейік! Оқуда озат болып, кітапханамыздан алатын білімдерің көп болсын!