«Бір ел – бір кітап»

«Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша № 4 балалар кітапханасында (Солнечный кенті) ақын Ә.Тәжібаевтың «Сыр жырлары» атты әдеби кеші өткізілді. Шараға қітапхананың оқырмандары шақырылды. Кітапханашы А.Кусаинова ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын таныстра отырып, бейнебаян ұсынды. № 28, 16 мектеп оқушылары М.Сәрсембаева «Толқын жел», А.Өтемұратова «Бір досқа», Г.Жұмағазина «Жер туралы үш өлең», О.Мараховская «Сен және мен», […]

«Жіптерден жасалған сәндік панно»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға “Шебер саусақтар” креативті қолөнер үйірме аясында «Жіптерден жасалған сәндік панно» атты мастер-классы өткізілді. Бүгінгі мастер-класстың тақырыбы «Жіп графикасы» деп аталды. Әлеуметтік қызметкерлер балаларға әр түрлі-түсті жүн жіптерінен безендіруді үйретті. Кітапханашы Т.Ракишева тақырыптық әдебиеттерімен, кітапхананың мерзімді басылымдарымен балаларды таныстырып өтті.

«Балалар күлкісінің әлемі»

Күзгі демалыс аралығында Орталық қалалық балалар бөлімінің кітапханашылары №10 мектептің 1-3 сынып оқушыларына арнап «Балалар күлкісінің әлемі» атты танымдық ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Бағдарлама барысында сайыс, ойын өткізіліп, өлең, шығармалардан үзінді оқылды. Шара соңында экскурсия жүргізіліп, балаларға кітапхана визиткалары үлестірілді.

«Балық спартакиадасы»

«Үміт» қолдау орталығының балалары үшін «Білімпаз» клубы аясында Орталық балалар кітапханасы «Балық спартакиадасы» атты ойын бағдарламасын өткізді. Оқу залында «Кітап мұхиты бойынша саяхат» атты кітап көрме-инсталляциясы ұйымдастырылды. Кітапханашы балаларды теңіз балықтарының көптеген алуан түрлерімен таныстыра отырып, сайыс, эстафеталық жарыстар ұйымдастырды, «Арт пен алға», «Медуза сияқты», «Желкендер астында», «Жауынгер балықтар» «Шашқыш», атты ойындарға оқушылар белсене қатысты. […]

Кітапханадағы күзгі демалыс күндер

Күзгі демалыс уақытында кітапханаларда ерекше қүндер болады. №4 балалар кітапханасыда (Солнечный кенті) осы шарадан шет қалған жоқ. Бұл жолы №16 мектептің 1 «а», «б» сынып оқушылары экскурсияға келді. Оқушыларға арналған түрлі-түсті және иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Г.Ж. Букеева кітап, журналмен, кітапхананың тәртіп ережесімен таныстырды. Балаларға арнап «Сөзді жинақта», «Үшбұрыш»,«Өрмек» сияқты қызықты ойындар ойнатылды.

“Ертегі әлемінде”

Күзгі демалыс кезеңінде Орталық балалар бөлімі, ақпараттық – библиографиялық бөлімімен бірлесе отырып №26 мектептің 4 – сынып оқушыларына «Ертегі әлемінде» атты библиофреш ұйымдастырылды. Кітапханашы Т.Ракишева ертегілер жайлы әңгімелеп, викторина арқылы сұрақ-жауап жасырылды, А.Елубаева «Ертегі әлемінде» атты кең көлемді кітап көрмесіне шолу жасады. Соңында оқушылар қызықты мультфильмдерді тамашалады.

Кітаптармен дос болып – кітапханаға келеміз!

Күзгі демалыстық уақытты пайдалана отырып Орталық балалар кітапханасына №25 қазақ қыздар гимназиясының 1-ші сынып оқушылары келді. Кітапханашы балаларды жылы мейірімен қарсы алып, кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады. Оқушыларды кітап, журналдармен, кітапхананың тәртібімен таныстырды. Балалар үлкен ынта-жігермен, әдемі көркемделген кітаптарға назар аударды. Экскурсия соңында «Балақай мен Карлсон» мультфильмін қызықтады.

“Ғажайыптар елі”

Ақын, балалар кітаптарының авторы И.Токмакованың туғанына 90 жыл толуына орай №8 «Теремок» балабақшасының «Балдырған» тобымен «Дауыстап оқитын тыңдаушы» клубы аясында Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері “Ғажайыптар елі” атты дауыстап оқу өткізді. Дауыстап оқу барысында кітапханашы Г.Сарымова ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстыра отырып, әдебиетке келуіне себеп болған ұлы ақын А. С. Пушкиннің өлеңдері арқау болғанын айтып […]

Мастер-класс

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған “Шебер саусақтар”атты креативті қолөнер үйірмесінің мастер-классы өтті. Бұл жолы қыздар сәндік доп жасады. Әлеуметтік қызметкерлер балаларға түрлі түсті жіптерден бөлменің интерьері үшін ерекше әшекейлер жасау жолдарын көрсетті. Заттарды бисермен, ленталармен безендіріп, үйірме мүшелері сұлулығымен, жеңілдігімен және ерекшелігімен қуантта білді. Шара соңында кітапханашы Т.Ракишева балаларды жаңа басылымдармен […]

«Кітап әрдайым қонақтарға қуанышты!»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөліміне «Кітап әрдайым қонақтарға қуанышты!» атты саяхатқа №24 «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушілері келді. Кітапханашы Хохлова Т.Ю. балаларды қазақ және орыс тілдеріндегі әдемі көркемделген, түрлі-түсті бояулы кітаптармен: дыбыстық, экрандық кітаптармен, «Балаларға базарлық», «Волшебная книга», «Планета сказок» сериясымен шыққан, басылым журналдармен таныстырылды. Балалар экскурсия соңында ОҚК оқу залымен танысып, мульфильм тамашалады.