Екібастұз қаласының балалар кітапханаларына қош келдіңіздер!

Баланы кітапқа қызықтырудың басты бір жолы – ата-аналардың өздерінің кітапшыл болып, біліктілікпен, биік талғаммен оқып, отбасы, ошақ қасында әңгіме-дүкен құрып, ондағы оқиғаны тілге тиек ете білу. Ол арқылы кітапқа деген бала құштарлығын арттыруға болады. Көркем шығарма кейіпкерлерімен бірге қуану-қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің төңірегіндегілердің, жақын адамдарының көңіл күйін байқай бастайды. Оларда адамгершілік сезім – қайырымдылық […]

Жаманбалинов оқулары

Балалар оқу орталығының қызметкерлері Мүбәрак Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты Жаманбалинов оқуларын ұйымдастырды. Іс-шараға №25 қазақ қыздар гимназиясының 2 «А» сынып оқушылары қатысып, өздерінің өлең оқудағы шеберліктерін көрсетті. Кітапханашы Мүбәрак Жаманбалиновтың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстырып өтті. Одан әрі оқушылардың көркем оқу шеберлігін, сахналық шеберлігін әділқазылар – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, […]

«Кітаппен әлем жарқын және мейірімді»

Бүгін, 2 сәуір күні дат жазушысы, атақты ертегіші Ханс Христиан Андерсеннің туған күні, осы күні бүкіл әлем Халықаралық Балалар кітабы күнін атап өтеді. Құрметті жас балғын балалар, балалар оқу орталығы сендердің талғамдарыңызға сай түрлі кітаптарды ұсынады. Сендерді ақыл мен білім ордасына, таңғажайып кітап әлеміне шақырамыз!

«Бәрін білетін кітаптар»

Көктемгі демалыс күндері балалар оқу орталығында №6 мектеп-гимназия оқушыларына арнап «Бәрін білетін кітаптар» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Шара барысында кітапханашы «энциклопедия» деген сөздің мағынасы туралы мәлімет беріп, кітапхана қорына тиесілі ақпарат көздерімен толығырақ таныстырды. Сондай-ақ балалар анықтамалық әдебиет әлеміне саяхат жасады. Содан соң кітапханашы «Я познаю мир», «Все обо всем» сериясымен шығатын энциклопедияларға шолу жасап, […]

«Ақылдылар мен алғырлар»

Балалар оқу орталығында Екібастұз қаласының «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалардың қатысуымен «Ақылдылар мен алғырлар» атты интеллектуалды ойын өтті. Балалар екі командаға бөлініп, жылдамдық пен тапқырлыққа негізделген, сондай-ақ зияткерлік қабілетті дамытуға арналған түрлі тапсырмаларды орындады. Жүзден жүйрік атанған жеңімпаздар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ойын тартысты әрі қызықты өтті.

«Бірінші сынып оқушыларын оқырмандар қатарына қабылдау»

Бүгін балалар оқу орталығында Балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығының ашылуы аясында №10 ЖОМ-нің 1-сынып оқушыларына арналған «Бірінші сынып оқушыларын оқырмандар қатарына қабылдау» дәстүрлі іс-шарасы болып өтті. Іс-шара ойын түрінде өтті. Балақайлар кітап мен білімді өздеріне серік етіп, көптеген сынақтардан өтті. Шара барысында болашақ оқырмандар ғажайып ертегілердің авторларын тауып, жасырылған жұмбақтарды шешіп, ертегілердің кейіпкерлері жайлы түрлі […]

«Дауысты кітап» клубы

Өскелең ұрпақтыңбілім жолын ашып, олардың заман талабына сай білімді ұрпақ болуына көптегенбілім ошақтары бар. Соның бірі орталық балалар кітапханасының қызметкерлері«Дауысты кітап» клубы аясында №24 балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымендауыстап оқу шарасын өткізді. Шараның алдына қойған мақсаты – бүлдіршіндердікітап оқуға баулып, кітап оқуға тарту, сондай-ақ олардың кітап оқубелсенділігін арттыру. Кітапханашы «Арыстан, қасқыр һәм түлкі», «Түлкі менқұмыра», «Кім күшті?» […]

“Дауысты кітап”

Орталық балалар кітапханасы “Дауысты кітап” клубы аясында №1 балабақша бүлдіршіндеріне дауыстап оқу шарасын өткізді. Іс – шарада кеңес жазушысы, балаларға арналған шығармалардың авторы Виталий Бианкимен, британдық балалар жазушысы Холли Веббтің шығармалары оқылды.

«Халқы сүйген қаламгер»

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері қазақ балалар әдебиетінің классигі атанған Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Халқы сүйген қаламгер» атты әдеби кейс шарасын өткізді. Іс-шараға №6 мектеп-лицейінің және С.Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясының оқушылары, мектеп кітапханашылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.